Мәжіліс «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

«Заң жобасы құқықтық актілерді екі топқа, нормативтік құқықтық және нормативтік емес құқықтық актілерге бөледі. Нормативтік құқықтық актілер ретінде қазіргі таңда қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен олардың түрлерін қарастыру ұсынылады. Заң жобасында нормативтік емес құқықтық актілер тобына нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру актілері, жеке дара қолданылатын құқықтық актілер, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілер жатқызылады», - деді ол.
Мұнан бөлек, заң жобасында құқықтық мониторинг институтының мақсатын заңнаманың тиімділігін бағалау мен болжауға бағыттай отырып, осы институтты жетілдіру ұсынылады.
Заң жобасына сәйкес құқықтық актілерді ресми түсіндіру институты енгізіледі. Прокурорды, мүдделі мемлекеттік органдар мен Әділет министрлігін, сонымен қатар құқықтық актілерді қабылдаған (шығарған) органдарды немесе лауазымды адамдарды өз құзіреті шектерінде ресми түсіндіру субъектілері ретінде айқындау ұсынылады.