Мәжіліс Маңғыстау автожолын жаңарту туралы заң жобасын жұмысқа алды

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен бүгінгі жалпы отырыста Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялайтын заң жобасын жұмысқа алды.

Мәжіліс Маңғыстау автожолын жаңарту туралы заң жобасын жұмысқа алды

Қарыз туралы келісім «Шетпе-Ақтау» автожолының шамамен 170 шақырым учаскесін (632,3 шақырым мен 802 шақырым аралығында) жаңартуды қаржыландыруға 371,3 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қарыз беруді көздейді.

«Бейнеу - Ақтау» автожолын жаңарту республика мен Маңғыстау облысының аумағы арқылы халықаралық көлік қозғалысына жол ашады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.