Мәжіліс мемлекеттік статистика туралы заң жобасының жаңа редакциясын бірінші оқылымда мақұлдады

А. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында  палата депутаттары «Мемлекеттік статистика туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,

Мәжіліс мемлекеттік статистика туралы заң жобасының жаңа редакциясын бірінші оқылымда мақұлдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған заң жобасының негізгі мақсаты респонденттердің жүктемесін азайту және статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың сенім деңгейін, статистикалық ақпараттың бүкпесіз ашықтығын арттыру болып табылады. Сонымен бірге, құжатта мемлекеттік органдардың, респонденттердің және мемлекеттік статистиканы пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін тиімді бөлу, респонденттер беретін бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету қарастырылып отыр.

«Заң жобасы халықтың, бизнестің, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың сапалы статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Құжат  статистикалық және статистикалық емес қызметтердің аражігін ажыратуды көздейді. Бұл ретте статистикалық қызметті - статистикалық жұмыстар жоспарының шегінде уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар және Ұлттық банк жүзеге асырады. Ал статистикалық емес қызметті стратегиялық реттеуші, іске асырушы функцияларын жүргізу аясындағы мемлекеттік органдар жүзеге асырады», деді заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, құжат бойынша барлық мемлекеттік органдардың есептілігі реттелетін болады. «Статистика сапасы артады, деректерді енгізу мен өңдеу жақсартылады. Деректердің электрондық қорына қол жеткізу есебінен өндірістің қағазсыз технологиясы енгізіледі», деді агенттік төрағасы.

Жалпы заң жобасы БҰҰ-ның ресми статистиканың негізгі қағидаттарын орнықтыру болып табылады. Осылайша заң жобасы халықаралық талаптарға сәйкестелінеді.

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін комитетке тапсырылады.