Мәжіліс меншіктің мемлекеттік мониторингіне қатысты заң жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарын қабылдады

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қос палата арасында келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарын талқылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасы меншік түріне қарамастан экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншік нысандарын басқару тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген. Заң жобасында нысандарды, оларға қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының нысандары тізбесіне енгізу өлшемдерін заңнамалық тұрғыда бекіту көзделеді. Сондай-ақ тізбеге енгізілетін нысандар экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларына жатуы және заңда бекітілген өлшемдерінің біріне сәйкес келуі тиіс. Сонымен бірге, заң жобасында экономиканың стратегиялық маңызы бар салалары да айтарлықтай ұлғайтылған. Атап айтқанда, бұл бағытта ғарыш қызметі, ауылшаруашылық өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, су шаруашылығы стратегиялық маңызды салалардың қатарына жатқызылды. Қос палата арасында құрылған келісім комиссиясының талқылауынан кейін бірқатар ұсынымдар бірлескен редакцияда қабылданды. Түзетулер негізінен заң жобасының редакциялық мазмұнын жақсартуға, құқықтық нормалардың ұғымдарын ашып көрсетуге бағытталған.
Соңғы жаңалықтар