Мәжіліс міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелеріне арналған заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады,

Мәжіліс міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелеріне арналған заң жобасын мақұлдады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заң жобасының негізгі мақсаты сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілердің жекелеген ережелерін нақтылау және жетілдіру, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының дамуын одан әрі ынталандыру, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың мүліктік және әлеуметтік мүдделерінің құқықтық тұрғыда қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Құжаттың негізгі тұжырымдамалық бағыты ? сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізу шарттарын және тәртібін жетілдіруді көздейді. Атап айтқанда, құқық қолдану тәжірибесін ескеру мен сақтандыру омбудсмені институтын одан әрі жаңғырту, қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі функцияны өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына табыстау шаралары қарастырылады. Бұдан басқа, міндетті сақтандыру шартын жасасу жүктелген тұлғалардың міндетті сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілігін күшейту де көзделіп отыр. Заң жобасын қабылдау сақтандыру қызметтерін тұтынушыларды қорғау деңгейін арттыру мақсатында қолданыстағы және халықаралық тәжірибені ескере отырып, міндетті сақтандыру саласындағы тетіктерді жетілдіруге, сондай-ақ өзара және міндетті сақтандыру саласының одан әрі дамуы үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.