Мәжіліс мүгедектiк белгiсі бойынша кез келген кемсiтушiлiкке тыйым салатын конвенцияны мақұлдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Аталған конвенцияны БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006 жылы 13 желтоқсанда қабылдаған болатын. Қазіргі уақытта конвенцияға 151 мемлекет, соның ішінде ТМД-ның Эстония, Ресей, Әзербайжан, Армения секілді елдері ратификациялаған.

«Конвенция мүгедектер құқықтарын қорғауға, мүмкіндігінің шектелуіне байланысты кемсітушілікті жоюға, мүгедектердің қоғамдық өмірге толықтай қатысуын қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл ретте қатысушы мемелкеттер мүгедектердің жеткілікті деңгейде өмір сүруін қамтамасыз ету және олардың әлеуметтік қорғалуы үшін тиісті шаралардың барлығын қабылдауға тиіс. Атап айтқанда, мүгедектерге көлікке, ақпарат пен байланысқа, сондай-ақ халық үшін ашық нысандарға немесе ұсынылатын қызметтерге басқа адамдармен теңдей қол жеткізуге кепілдік береді», - деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда конвенцияны ратификациялауға қойылатын шараттарды әзірлеу жұмысы қолға алынған. Мұны тиімді ұйымдастыру мақсатында еліміздегі мүгедектердің құқықтарын қамтамсыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары кезең-кезеңін іске асырылуда.

Жалпы, Конвенция мүгедектердiң қоғамның азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени өмiрiне қатысуын қамтамасыз етуге, мүгедектiк белгiсi бойынша кемсiтушiлiктi жоюға, сондай-ақ мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудiң тиiмдi құқықтық тетiктерiн жасауға бағытталған. Бұдан бөлек, конвенцияға қатысушы мемлекеттер мүгедектiк белгiсі бойынша кез келген кемсiтушiлiкке тыйым салады және мүгедектердiң кез келген негiздегi кемсiтушiлiктен тең әрi тиiмдi құқықтық қорғалуына кепiлдiк бередi.

Соңғы жаңалықтар
telegram