Мәжіліс: Наурыздың 24-і мен 27-сі аралығындағы апталық жоспар жасалды

АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің наурыздың 24-і мен 27-сі аралығындағы апталық жоспары жасалды,

Мәжіліс: Наурыздың 24-і мен 27-сі аралығындағы апталық жоспар жасалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Наурыздың 24-і, сейсенбі күні парламентшілер бірқатар комитеттерде құрылған жұмыс топтарында заң жобаларын қарайды. Айталық, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жұмыс тобы «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» заң жобасын және еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі жөніндегі түзетулерді қарайды. Сондай-ақ осы комитетте кейбір заңнамалық актілерге азаматтарды ұстау негіздері мен тәртібін бекіту мәселелері бойынша түзетуді талқыға салады.Наурыздың 25-і, сәрсенбі күні Мәжілістің жалпы отырысы өтеді деп жоспарланған. Бейсенбі, наурыздың 26-сы күні Мәжіліс Бюросының отырысы өтетіні белгіленген.Ал наурыздың 27-сі, жұма күні «Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы» парламенттік тыңдау өтеді.Бейсенбі және жұма күндері Палатаның салалық комитеттерінде құрылған жұмыс топтарында бірқатар заң жобалары талқыланады.