Мәжіліс өрт қауіпсіздігі жөніндегі заң жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарын қабылдады

амырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қос палата арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарын талқылады,

Мәжіліс өрт қауіпсіздігі жөніндегі заң жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарын қабылдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасы халықтың, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің қорғалу деңгейін олардың қауіпсіздігі жай-күйін бағалауды тәуелсіз сарапшы ұйымдар саласына енгізу жолымен арттыру мақсатында әзірленген. Сонымен бірге, құжат бойынша мемлекеттік өрт бақылау органдары жүзеге асыратын тексерістер санын қысқарту есебінен қорғау нысандарына әкімшілік жүктемені азайту және бақылау қызметінің нысандары мен әдістерін жетілдіру шаралары да қамтылады. Заңнамалық деңгейде сарапшы ұйымдарды аккредиттеу тәртібі, сарапшы ұйымдардың да, уәкілетті органның да қатерді бағалау саласындағы құқықтары мен міндеттері айқындалады.

Сонымен бірге, мемлекеттік өрт бақылау органдары жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бір бөлігін тексеруден босатады, олардың негізгі күші қауіптілігі жоғары және әлеуметтік нысандарды бақылауға қарай бағытталады. Құжатта қарастырылған нормалар арқылы кәсіпкерлік қызметті тексеру үдерістері біршама қысқарады. Бұдан бөлек, өртке қарсы ерікті құрылымдарды құру және олардың қызметін жүзеге асырудың тәртібі регламенттелетін болады.

Келісім комиссиясының ұсынысы бойынша қарауға шығарылған бір позиция Парламент Сенатының редакциясында, қалғаны бірлескен редакцияда қабылданды.