Мәжіліс өрт қауіпсіздігі жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депуаттары «Өрт қауіпсіздігі туралы» ҚР заңына өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жүйесін құру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,

Мәжіліс өрт қауіпсіздігі жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған заң жобасы еліміздегі өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жүйесін құру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленген. Құжатты қабылдаудың мақсаты халықты, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкін олардың қауіпсіздігінің жай-күйін бағалау саласына мемлекеттік бақылау органдарымен қатар тәуелсіз сарапшы ұйымдарды қосу арқылы қорғау деңгейін арттыру болып табылады. Сондай-ақ, құжатта мемлекеттік өртке қарсы бақылау органдары жүзеге асыратын тексерулер санын қысқарту есебінен қорғау нысандарына әкімшілік жүктемені азайту шаралары қамтылып отыр.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдап, құжат екінші оқылымға әзірлеу үшін Бас комитетке жолданды.