Мәжіліс Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындады

әуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Марат Сәрсембаевты және Владимир Фоосты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулы қабылдады.

Мәжіліс Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындады

Естеріңізге сала кетейік, аталған мәселе Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қаралып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 57-бабы, 1-ші тармақшасына сәйкес және Конституцияның 58-бабы, 7-ші тармақшасы негізінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне кандидаттарды ұсынуға тиіс болатын. Өзінің конституциялық құзіретіне орай, Мәжіліс Төрағасы О. Мұхамеджанов Марат Сәрсембаев пен Владимир Фоосты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы ұсыныс жасады. Палата депутаттары аталған кандидаттарды бірауыздан қолдап, дауыс берді.