Мәжіліс Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына енгізілген түзетулерді мақұлдады

АНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Копенгагенде 1992 жылғы 23-25 қарашада қол қойылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетулерді

Мәжіліс Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына енгізілген түзетулерді мақұлдады

және Монреалда 1997 жылғы 15-17 қыркүйекте қол қойылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетулерді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжат Парламент Сенатына жіберіледі.

Қазақстан Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына және Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына 1998 жылы қосылған болатын. Бұл құжатқа қосыла отырып, Қазақстан қаржы ресурстарына және озық елдердің озонды бұзатын заттарды тұтыну деңгейін қысқарту мен озон қабаты бұзылуының, оның халық өміріне әсер етуінің ықтимал қатерін болғызбау саласындағы тәжірибесіне қол жеткізетін болады.

Жалпы алғанда, Озон қабатына жүргізілген бақылаулар оның бұзылу қаупінің ұлғайғанын делелдеген. Сондықтан да озонды бұзатын заттардың қосымша тізімін реттеу туралы шешім Монреаль хаттамасымен енгізілген болатын. Ал бүгінгі қарастырылып отырған Монреаль хаттамасына Копенгаген түзетуі 1992 жылы 23-25 қарашада қабылданды. Онда гидрохлорфторкөміртектер мен гидробромфторкөміртектердің, сондай-ақ бромды метилдің қосымша тізімін реттеу шаралары айқындалады. 1997 жылғы 15-17 қыркүйекте қабылданған түзету озонды бұзатын заттардың импорты мен экспортын лицензиялау жүйесін орнатуға қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл ретте Монреаль түзетуі Копенгаген түзетуінің тараптары болып табылмайтын елдерге бромды метилдің импорты мен экспортына сауда-саттыққа тыйым салуды да енгізеді.