Мәжiлiс Парламенттегi әйел депутаттар бастамашы болған жетiмдер туралы заң жобасын қарауға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжiлiс Парламенттегi әйел депутаттардың барлығы бастамашы болып әзiрлеген жетiмдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы заң жобасын қарауға алуда. Бұл туралы бүгiн тағдыр тәлкегiне түскен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтарын сақтау мәселелерi жөнiндегi ортаазиялық диалог барысында Мәжiлiс депутаты Рахмет Мұқашев мәлiм еттi.
None
None

"Ювеналды әдiлет мәселелерi елiмiздiң заңнамасын дамытудағы өзектi бағыттың бiрi. Заңнаманы дамытуда заңға қайшы әрекет жасаған балалардың өзiн қорғауға назар аударғызған актiлердi атап өтуге болады. Бұл ретте депутаттар жаңа заң жобаларын әзiрлеу арқылы осы салаға көп көңiл аударып келедi", - дей келе, Мәжiлiс депутаты жуырда қабылданған заңдарға тоқталды.

"Жуырда қабылданған заңдар туралы айтатын болсақ, отбасыдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және мәселенi шешуде депутаттар қолға алған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерi жөнiндегi заң жобасы үлкен жетiстiк болды. Ал, ең төменгi әлеуметтiк стандарттар туралы заң жобасында балалардың әлеуметтiк құқықтарына көңiл бөлiнген. Мәжiлiс Парламенттегi әйел депутаттар бастамашы болған жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты заң жобасын қарауға алды", - деп хабарлады ол.

Соңғы жаңалықтар