Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысатын халықарылық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларның саны 61-ге жетті

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін кезекті мәжілісі барысында Мәжіліс пен мәслихат сайлауларына қатысатын халықаралық және шетелдік байқаушыларды тіркеуге қатысты қаулы қабылдады.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысатын халықарылық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларның саны 61-ге жетті

Отырыста осы құжаттың мақсат-міндеттері бойынша баяндама жасаған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкованың сөзінше, ОСК Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы негізінде барлығы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымынан 14 байқаушыны, Беларусь, Армения, Латвия мемлекеттерінен 3 шетелдік байқаушыны тіркеді.

«Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысу үшін 2 халықаралық ұйым мен 3 шет мемлекеттен барлығы 61 байқаушыны тіркеді»,-деді ОСК мүшесі.