Мәжіліс пен мәслихат сайлауына бөлінетін 33,4 млрд теңге қайда жұмсалады?

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржы министрлігі Мәжіліс пен мәслихат сайлауына бөлінетін 33,4 млрд теңгенің қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Сайлауды өткізуге бөлінген қаражат туралы бұрын айтылған ақпаратқа қосымша келесіні хабарлаймыз.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын Парламентте қарау барысында Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге 2023 жылға 33,4 млрд теңге сомасында шығыстар қарастырылды (бұған дейін бюджет жобасында 2025 жылға қарастырылған)», - делінген министліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Ведомсвто мәліметіне сүйенсек, бұл қаржы:

- саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша;

- бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша жаңа аралас сайлау жүйесін енгізуді ескере отырып есептелген.


Соңғы жаңалықтар