22:35, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
Мәжіліс пен республика мәслихаттары депутаттарының сайлауын 800-ден астам халықаралық байқаушы бақылайтын болады - ОСК
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін биылғы жылдың 15 қаңтарына тағайындалған Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына тағы 30 халықаралық байқаушыны тіркеді.
Осылайша Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен 8 халықаралық ұйымнан 819 байқаушы тіркелді. Ал шет мемлекеттерден тіркелген байқаушылар саны - 29. Бұған қоса Сыртқы істер министрлігі байқаушы ретінде тағы шет мемлекеттің 118 бұқаралық ақпарат құралының өкілін тіркеді. Яғни олар да елімізде өткізілгелі отырған сайлаудың тиісті бағасын беретін болады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнгі сағат 24-00-де Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына байқаушыларды тіркеу аяқталады.