Мәжіліс пен Сенат тауар биржаларына қатысты заң жобасы бойынша өзара келісімге келді
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Тауар биржалары туралы «Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенаты арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстары туралы» Заңы қабылданды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің төрайымы Нұрлығайым Жолдасбаеваның айтуынша, аталмыш құжат Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Сенат құжатты қысқа мерзімде қарап, негізгі заң жобасы бойынша 32, ілеспе заң жобасы бойынша 3 түзетуді Мәжіліске жіберген. «Мәжіліс Сенаттың көптеген ұсыныстарын қолдап, негізгі заң жобасы бойынша ұсынылған 32 түзетудің 12-іне, ілеспе заң бойынша 2-уіне қатысты түзетулерді келісім комиссиясының қарауына енгізді. Нәтижесінде келісім комиссиясы келіспеушіліктерді еңсеріп, тиісті шешім қабылдады», деді депутат.