Мәжіліс рұқсат беру құжаттарының санын 30 пайызға қысқартатын жобаны мақұлдады

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Мәжіліс рұқсат беру құжаттарының санын 30 пайызға қысқартатын жобаны мақұлдады

Құжат Парламент Сенатына жолданатын болады.

Аталған құжат Мемлекет басшысының лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарының санын тағы да қосымша 30 пайызға қысқарту туралы тапсырмасына орай әзірленген болатын.

Осыған орай, заң жобасына сәйкес 1096 рұқсат құжаттардың жоғары қауіп-қа­­тер­ден сақтандыруды қамтамасыз етуге әсер етпейтін 40-ы хабарландыру тәртібіне алмастырылады. Ал азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төн­дір­мейтін ақпараттық сипаттағы 257-сі алынып тасталады. Сөйтіп, қоры­та айтқанда, рұқсат құжаттардың 30 пайызға жуығы қысқарты­ла­ды.

Бұл ретте құжат қолданыстағы 80 заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді көздейді. Атап айтқанда, лицензиялау қағидаттарына сәйкес келмейтін қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау жойылады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функциялары қысқартылады. Ал, жаңадан құрылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін 3 жыл ішінде тексеруге тыйым салу көзделеді.