Мәжіліс сақтандыру мәселелеріне арналған жобаны екінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасының негізгі мақсаты жинақтаушылық өмірді сақтандыруды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының сақтандыру заңнамасын одан әрі жетілдіру қажеттілігінен туындайтын сақтандыру делдалдығы қызметінің нақты құқықтық негіздерін белгілеу болып табылады. Сонымен бірге, құжатта сақтандыру статистикасының толыққанды бірыңғай базасын қалыптастыру жолымен тарифтік саясат мәселелерін шешу, отандық және халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту шаралары көзделеді.

Құжатты қабылдау жинақтаушылық сақтандыруды одан әрі дамытуды, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын жетілдіруді жүзеге асырады. Сондай-ақ, заң жобасы шоғырландырылған қадағалауды жетілдіруді ынталандыруға мүмкіндік береді.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар