Мәжіліс сайлауы күні Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты 41 мың сайлаушыға сауалнама жүргізеді

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау күні Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты 41 мың сайлаушыға сауалнама жүргізеді.

Мәжіліс сайлауы күні Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты 41 мың сайлаушыға сауалнама жүргізеді

Бұл туралы бүгін елордада аталған институттың директоры, саяси ғылымдар докторы Айгүл Сәдуақасова мәлім етті.

«Экзит-пулл» әдістемесіне сәйкес интервьюер сайлау учаскесінен шыға берісте тұрады және дауыс беріп шыққан салаушыларға сауалнама жүргізеді. «Экзит-пулл» жүргізу «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңын бұзбайды. Аталған заңға сәйкес сайлау өтетін күні сайлаушыларға сауалнама жүргізуге сайлау пунктінен тыс жерде рұқсат беріледі», - деді ол.

Оның атап өтуінше, жүргізілген сауалнама сайлаушылардың ерік-жігеріне, сонымен қатар сайлау комиссияларының жұмысына ықпал етпейді.

«Экзит-пулл» зерттеуі еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларындағы сайлау учаскелерінің шекараларын ескере отырып, ірктеу әдісімен жүргізіледі. Іріктеуге қалалық та, ауылдық та сайлау учаскелері кіреді. Жалпы респубилка бойынша барлығы 41 мың сайлаушыға сауалнама жүргізіледі», - деді А.Сәдуақасова.