Мәжіліс сайлауы: ОСК 27 ұйымды ұлттық байқаушы ретінде тіркеуден бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс сайлауына 27 ұйымды ұлттық байқаушы ретінде тіркеуден бас тартты. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс сайлауы: ОСК 27 ұйымды ұлттық байқаушы ретінде тіркеуден бас тартты

Бүгінгі таңда 27 коммерциялық емес ұйымды аккредиттеуден бас тартылды. Оның ішінде 19-ы филиалдар болып саналады. Яғни, жеке заңды тұлға болмағандықтан аккредиттеу талап етілмейді. Оның ішінде «Дауыс» қоғамдық бірлестігінің 14 филиалы, «Ұлы көш» қоғамдық бірлестігінің 1 филиалы бар. Сонымен қатар 8 ұйымды аккредиттеуден бас тартылды. Оның ішінде бесеуінің жарғысында сайлауды байқау жөніндегі қызмет белгіленбеген. Біреуінің қызметі тоқтатылған. Тағы бірінің өтініші бойынша қараусыз қалдырылды. Тағы бірі заңды тұлға саналмайды. Барлығы – 27», - деді Анастация Щегорцова ОСК отырысында.