Мәжіліс шаруа қожалықтарының қызметіне арналған жоба бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарын қабылдады

АНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары
None
None

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарын талқылап, құжатты қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, заң жобасының негізгі мақсаты - еліміздегі фермерлік және шаруа қожалықтарының арасындағы бірқатар қызметтерді реттеу болып табылады. Бұл ретте құжатпен Жер кодексі мен «Шаруа және фермерлік қожалықтар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Атап айтқанда, құжат ауыл шаруашылығына бағытталған, бірақ қандай да бір ғимарат орналасқан жер телімінің құнын анықтау тәртібін бекітеді. Екіншіден, ол шаруа немесе фермерлік қожалықтары бар азаматтардың жер телімдерін алу тәртібіне қатысты мәселелерін реттейді. Үшіншіден, заң жобасы шаруа немесе фермерлік қожалық иелерінің құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі қарастырады. Бұл өз кезегінде азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғап, еңбек тәртібін талап етіп, еңбек пен ол үшін төленетін жалақының әділетті болуын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, заң жобасына сәйкес, Жер кодексінің 10-бабына елді мекендердің шегінен тыс орналасқан жер учаскелері бойынша өзгеріс енгізілетін болады. Оның кадастрлық (бағалау) құны жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсаты үшін жеке меншікке берген кездегі төлемақының базалық ставкаларының мөлшеріне негізделе отырып, айқындалады. Одан басқа, шаруа немесе фермер қожалықтары субъектілеріне мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жасау мүмкіндігі беріледі, шаруа немесе фермер қожалықтарының осы мүлкін сатқан немесе сыйға тартқан жағдайда ұзақ мерзімге уақытша жер пайдалану құқығын беру заңнамалық тұрғыдан бекітіледі.

Келісім комиссиясының талқысына 7 түзету шығарылған болатын. Бұның барлығы да бірлескен редакцияда қабылданды.

Соңғы жаңалықтар