Мәжіліс сот-сараптама қызметіне бағытталған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасының негізгі мақсаты - еліміздегі сот-сараптама қызметін барлық қырынан реттеу. Өйткені қазіргі қолданыстағы «Сот сараптамасы туралы» заңда сот сараптамасын жүргізу және тағайындау реттелгенімен, оның ұйымдық, ғылыми-әдістемелік қырлары бойынша сот-сараптама қызметінің өзіне қатысты мәселелер жеткілікті түрде көрініс таппаған. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамада тірі адамдарға қатысты, атап айтқанда олардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі тұрғысынан сот сараптамасын жүргізу мәселелері маңызды болып табылады. Сот сараптамасы мекемелерінің құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуін реттеу үшін сарапшы мен құқық қорғау органы маманының зерттеу өндірісін бірігіп жүргізу ұсынылады. Сол секілді зерттеулердің заңдылығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында зерттеулердің барлық әдістемелері сараптамалық әдістемелердің бірыңғай реестрінде бекітіледі. Сондай-ақ заң жобасында сараптама мекемесі басшысының міндеттері мен құқықтары анықталып, сот-сараптамасы зерттеуін жүргізу тәртібі реттеледі. Сарапшыларға қойылатын негізгі талаптар, сот сарапшысының біліктілігі куәлігін беру, оларды аттестациядан өткізу тәртібі белгіленеді. Заң жобасы бойынша Үкіметтің және сот сараптама қызметі саласындағы уәкілетті органдардың құзіреті де айқындалмақ. Құжатты екінші оқылымға әзірлеу барысында депутаттар сот сарапшысына қойылатын біліктілік және кәсіптік талаптарын, сот сараптамасы органы басшысының құқықтары мен міндеттерін нақтылады. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.
Соңғы жаңалықтар
Референдум