Мәжіліс Су кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша қос палата арасындағы келісім комиссиясының ұсыныстарын қабылдады

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қос палата арасында құрылған келісім комиссиясының ұсыныстарын талқылап, қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетейік, сенаторлар аталған заң жобасының мәтініне кейбір ұғымдарды нақтылауға және екіұдай түсінуді болдырмауға бағытталған түзетулер жасаған болатын. Атап айтқанда, суармалы жерлерде мелиорация шараларын жүргізуге, сондай-ақ құжаттың заң техникасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізілді. Бұнымен қоса, заң жобасында «жинағыш-буландырғыш» ұғымын қолдануды нақтылайтын жекелеген ұсыныстар негізінде осы ұғымды айқындау үшін толықтырулар енгізілген болатын. Қос палата арасындағы келісім комиссиясында 6 ұстаным талқыланып, олардың басым бөлігі бірлескен редакцияда қабылданды. Қалған бір ұсыныс Мәжіліс редакциясында, тағы бір ұсыныс Сенат енгізген түзету бойынша қабылданды. Түзетулердің басым бөлігі заң жобасының редакциялық сипатын жақсартуға бағытталады.
Соңғы жаңалықтар