Мәжіліс ТМД мемлекеттерінің шекаралық ынтымақтастығы туралы конвенцияны мақұлдады

АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық ынтымақтастығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

2008 жылдың қазан айында Бішкек қаласында Қазақстан, Армения, Беларус, Қырғыз, Ресей және Тәжікстан басшылары  аталған конвенцияға қол қойған. «Бұл құжаттың негізгі мақсаты ТМД шеңберіндегі шекаралық ынтымақтастықтың құқықтық кеңістігін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, конвенция барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Ал оны әрі қарай іске асыру халықарлық келісімшарттар жасау арқылы жүзеге асырылады. Конвенция Беларус, Ресей және Тәжікстан үшін 2009 жылдың маусымында күшіне енген болатын», деді баяндама жасаған Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапил Жошыбаев.

Конвенцияға сәйкес, шекаралық ынтымақтастық : егемендік, аумақтың тұтастығын өзара құрметтеу, мемлекеттік шекараларға қолсұқпаушылық, ұлттық заңнаманы өзара құрметтеу, азаматтардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмеу, экономикалық және басқа да мүдделерге нұқсан келтірмеу, шекаралық дауларды бейбіт жолмен реттеу, осы конвенцияға қатысушылар болып табылмайтын ТМД-ға қатысушы басқа да мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау секілді бірқатар қағидаттарға негізделеді.

Шекаралық ынтымақтастыққа қатысушы мемлекеттердің заңнамасын және халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, олардың өкілеттіктері құзіретті органдар арасындағы келісімдер негізінде жүзеге асады. Осы мақсатта шекаралық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен органдар да құрылуы мүмкін.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.   

Соңғы жаңалықтар