Мәжіліс Төрағасы мемлекеттік қызметкерлерді Астана күні мерекесімен құттықтады

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың қатысуымен Палата Аппаратының қорытынды отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екінші парламенттік сессиядағы Мәжілістің қызметіне тоқталған Палата жетекшісі депутаттық корпустың заң шығарушылық қызметін қамтамасыз етуде белсенділік танытқандары үшін мемлекеттік қызметкерлерге алғысын білдірді. Заңнамалық құжаттарды жетілдіруде алдағы уақытта көңіл аударатын мәселелердің бар екенін айтып өтті.

Мәжіліс Төрағасы мемлекеттік мереке - Астана күнімен құттықтай келіп, Палата Аппаратындағы бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге Алғыс хат табыс етті.  

Соңғы жаңалықтар