Мәжіліс Төрағасы Ресейдің Достық орденімен марапатталды

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Санкт-Петербор қаласындағы Таврия сарайында өткен салтанатты шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Ресей Федерациясының жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжіліс Төрағасы Ресейдің Достық орденімен марапатталды

Ресей Федерациясы Президентінің атынан «Единая Россия» партиясының Жоғарғы кеңесінің Төрағасы, Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Борис Грызлов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановқа Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамытудағы еңбегі үшін Ресейдің «Достық» орденін табыс етті.

Марапаттау салтанаты Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА-ның парламенттік шаралары шеңберінде өтті.