Мәжіліс төрағасы Twitter парақшасын ашты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Twitter-де @NigmatulinKZ жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс төрағасы Twitter парақшасын ашты

Н.Нығматулин өзінің Twitter қолданушыларына арналған бейнежазбасында оның қол жетімді, заманға сай байланыс құралы екенін айтты. Сонымен бірге:

«Ол әрбір азаматпен тікелей байланысып, жедел ұсыныс-пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл ортақ мақсат жолында, бірлесе жұмыс істеуге кең жол ашады деп ойлаймын. Сондықтан, алдағы уақытта осы парақшамда Мәжілістегі маңызды жаңалықтармен бөлісіп отыратын боламын»,-деді Мәжіліс спикері.