Мәжіліс төрағасы заң жобаларын қарауды жеделдету қажеттігін айтты

АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжіліс Бюросында Палата төрағасы Орал Мұхамеджанов салалық комитеттердің өндірісінде жатқан заң жобаларын қарауды жеделдету қажеттігін алға тартты.
None
None
Бюро мүшелері бұл ұсыныспен келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Төраға атап өткен құжаттардың қатарында жеке қосалқы шаруашылық туралы, ғарыш қызметі жайлы, «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, сауда-өнеркәсіп палаталары және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелеріне қатысты заң жобалары бар. Сонымен қатар Жер кодексіне ұсынылған түзетулерді, сыбайлас жемқорлықпен күрес, агроөнеркәсіпті мемлекеттік қолдау жөніндегі заңдарға толықтыруларды қарауды тездету жөнінде айтылды.Сонымен қатар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің жобасымен және де «Биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасымен жұмысты жалғастыру мәселесі қаралды. Салалық комитеттердің ұсыныстары бойынша Қазақстан мен Латвия үкіметтері арасындағы Әуе қатынасы туралы, «Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары Палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне шығарылатын болды. Сол секілді «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да депутаттар талқысына шығарылады.Бюро отырысында Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жобалары мен Сенат енгізген толықтырулар жөніндегі мәселелер де қаралды.
Соңғы жаңалықтар