Мәжіліс Төрағасы заң жобаларын жетілдіруге қатысты өз пікірін білдірді

АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - «Заң шығару қызметін жетілдіру жөніндегі Мемлекет басшысының басымдық берген тапсырмалары бойынша дайындалған, әсіресе, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қатысты заң жобаларына баса назар аудару қажет.
None
None
Бүгін Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов Палата Бюросының отырысында осылай деді. Төраға заң жобаларын жетілдіруге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сонымен қатар Палата жетекшісінің айтуынша, аудиторлық қызмет, валюталық бақылау, микроқаржылық ұйымдарға қатысты, жалған кәсіпкерлікті болдырмау, банкроттық туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жөніндегі, ғылым туралы заң жобаларының жан-жақты талқылаудан өтуіне баса мән берілмекші.Жаңадан келіп түскен заң жобаларын ғылыми сараптамадан өткізудің және ол процеске Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның қатысуы маңыздылығы айтылды.Мамандардың жетіспеуі мен жұмыссыздықты азайту мақсатында биыл 27 наурызда «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» атты парламенттік тыңдау өткізу жоспарланып отыр.Ендігі жерде депутаттық сауалдарға ерекше назар аударылатын болады. Бюро отырысында депутаттық сауалдардың ықпалын арттыру және оған лауазым иелерінен келген жауаптардың маңыздылығын күшейту, парламентшілердің өңірлермен және сайлаушылармен байланысын нығайту сияқты мәселелер талқыланды.Бюрода қаңтардың 15-інде ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың қатысуымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа заң жобасының таныстырылымын өткізу туралы Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мәліметі назарға алынды.
Соңғы жаңалықтар