Мәжіліс төрағасы журналистерді марапаттады

АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов ҚР Парламентінде тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында құттықтады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі.

Мәжіліс төрағасы журналистерді марапаттады

Бұл шараға журналистермен бірге республикалық баспасөз бен электрондық ақпарат құралдарының басшылары да қатысты.

Мәжіліс Төрағасы салтанатты басқосуда республикадағы заң шығару ісі мен елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды насихаттау жұмысындағы отандық журналистиканың алатын орны мен атқарып жатқан істеріне тоқталды.

- Бәріміздің мақсатымыз жаңа Қазақстан құрып, соны гүлдендіру болып табылады. Негізгісі сол, біз осы мақсатты ойдағыдай атқарып отырмыз,- деді Орал Мұхамеджанов.

Шара барысында Спикер қонақтарға Алғысхат пен естелік сувенирлер тапсырды.