Мәжіліс Төрағасының орынбасары Ж. Кәрібжанов Еуроодақ елшілерімен кездесті
АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат - Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов бір топ Еуроодақ елшілерімен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәртебелі меймандар кездесу барысында Қазақстан мен Еуроодақ елдерінің арасындағы парламентаралық қарым-қатынас және көрші ел Қырғызстанның ахуалы жайында әңгіме болды.
Тоқтала кететін жайт, мамырдың 25-26-сы күндері Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 9-шы отырысы өтеді деп жоспарлануда.