Мәжіліс трансферттік баға белгілеу туралы жобаға Сенат енгізген өзгерістермен келісті

АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Трансферттік баға белгілеу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген түзетулерді талқылап, ол бойынша келісімін берді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасының негізгі мақсаты трансферттік баға белгілеуді бақылау тетігін одан әрі жетілдіру болып табылады. Тоқтала кететін жайт, мұндай мазмұндағы қолданыстағы заң 2008 жылғы шілденің 5-інде қабылданған болатын. Бірақ, тәжірибеде қолдану барысында құжатты одан әрі жетілдіру қажеттілігі анықталған. Себебі, заңның бірқатар нормалары тым қатаң және мемлекеттің фискалдық мүддесі мен кәсіпкерлердің заңды мүдделерінің экономикалық теңгерімділігін толық қамтамасыз ете алмайды. Екіншіден, заңда халықаралық іскерлік операциялардың ерекшеліктері толық ескерілмеген әрі жекелеген нормалар арасында қарама-қайшылықтар орын алған. Осыған орай, заң жобасын әзірлеушілер қаржы дағдарысы мен әлемдік экономикадағы тұрақсыздық жағдайында жоғарыда көрсетілген кемшіліктердің іскерлік белсенділіктің дамуын тежеп, инвестиция тартуға кедергі жасап отырғанын алға тартады. Бұл ретте, заң жобасындағы қамтылған өзгерістер ең алдымен кемшіліктерді жоюға негізделеді. Бұдан бөлек, заң нормалары қазіргі заманғы халықаралық сауда нормаларына бейімделе түседі.

Сенат депутаттары заң жобасына нақтылау сипатындағы өзгерістерді енгізген болатын.

Соңғы жаңалықтар