Мәжіліс тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелеріне арналған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасы кондоминиум нысандарын басқаруды жетілдіруге, қазіргі қолда бар тұрғын үй қорының жай-күйін күтіп-ұстауды және жаңартуды қаржыландыру тетігін айқындауға байланысты тұрғын үй-коммуналдық салада жүйелі қайта құрулар жүргізуге бағытталған. Заң жобасын қабылдау тұрғын үй қатынасын жақсартудағы ұзақмерзімді және орнықты жүйені құруға мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге, тұрғын үй қорының жалпы жағдайын жақсартып, осы бағыттағы тиімді басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін болады. Бірінші оқылымда заң жобасымен тұжырымдамалы түрде Азаматтық кодекстің жалпы бөліміне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Табиғи монополиялар туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Жобаны екінші оқылымға әзірлеу барысында депутаттар Рауан Шаекиннен, Мұхтар Тінікеевтен, Тито Сыздықовтан, Рамазан Сәрпековтен, Тоқтарбай Қадамбаевтан, Сансызбай Есіловтен және Леонид Питаленкодан 100-ге жуық ұсыныстар жасалды. Талқылау барысында бұлардың басым бөлігі қабылданды. Енді құжат Парламент Сенатына жіберіледі.
Соңғы жаңалықтар