Мәжіліс: Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға байланысты заң жобасы екінші оқылымда талқыға салуға дайын

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыға түсетін болды,

Мәжіліс: Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға байланысты заң жобасы екінші оқылымда талқыға салуға дайын
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заң жобасын қабылдау үлескерге салынған қаражаттың сақталуына кепілдік беруге, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес міндеттемелер қабылдаған кезде құрылыс салушының жауапкершілігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі депутат Шафхат Өтемісовтің айтуынша, екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар заң жобасына үлескерлердің қорғалуын күшейту мақсатында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізген. Мәжіліс депутаттары енгізген түзетулер жұмыс тобында жан-жақты қаралып, талқынады.