Мәжіліс тұрғын үй құрылысындағы үлескерлер мүддесін қорғайтын заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы үлескерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, үлестік тұрғын үй құрылысына қатысушылардың қарым-қатынасын реттеуге бағытталған.
None
None

Бұған дейін хабарланғанымыздай, заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу бойынша кепілдіктер беру үшін Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорын құру қарастырылады. Аталған кепілдік беру Қоры тұрғын үй ғимаратының құрылысын аяқтауға, үлескерлер тұрғын үй ғимаратындағы үлесті беруге кепілдік беруді жүзеге асырады, оның жарғылық капиталына мемлекет қатысып, Үкімет шешімі бойынша акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады. Сонымен қатар кепілдік беру қоры қаржылық тұратылық пен тәжірибенің болуы бойынша үлестік құрылысқа қатысушылардың біліктілік талаптарын бекітеді. Үлескерлер қаражатының нысаналы пайдаланылуына бақылау жасау тетігін енгізеді. Бұдан бөлек, құрылыс салушыларға тұрғын үй ғимаратын салу тәжірибесінен бөлек, меншік немесе мемлекет берген жер пайдалану құқығында ауыртпалықсыз жер учаскесінің болуы, жобалық-сметалық құжаттаманың болуы талап етіледі. «Жалпы алғанда, үлескерлердің қаражатын тарту құрылыс салушының өзінің жеке қаражаты есебінен тұрғын үй ғимаратының қаңқасын тұрғызғаннан кейін ғана мүмкін болады», - дейді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев. Сонымен қатар үлестік тұрғын үй құрылысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында заң жобасымен Үкіметтің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның құзыреттері белгіленеді. Біршама талқылаудан соң Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда тұжырымдамалы түрде мақұлдауды қолдады. Құжат алдағы уақытта екінші оқылымға әзірленетін болады.

Соңғы жаңалықтар