Мәжіліс: Үкімет сағатында қылмыстық-атқару жүйесін дамыту мәселесі талқыланады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, қазанның 20-сында Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтеді. Онда Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамыту мәселелері талқыланатын болады.
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды. Үкімет сағатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов аталған мәселе төңірегінде баяндама жасайды деп күтілуде. Бұдан бөлек, министр депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беретін болады.