Мәжіліс ҰҚШҰ күштері бойынша жасырын басқару жүйесін құруға арналған заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесінің негізгі қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған келісімге 2009 жылдың маусымында Мәскеу қаласында қол қойылған болатын. Келісім бойынша жасырын басқару жүйесі функционалдық жағынан өзара байланысқан басқару органдарының, ақпаратты қорғау органдарының, әскердің, коалициялық топтарын басқарудың ұйымдық-техникалық негізін құрайтын жиынтықты білдіреді. Бұндай жүйені құрудың негізгі қағидаттары ұжымдық қауіпсіздік өңірлерінде ҰҚШҰ күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, Жасырын басқару жүйесінің міндеттері, күштері мен құралдарының құрамы, жұмыс істеу тәртібі ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің шешімдерімен бекітілетін жеке Ережемен айқындалады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар