Мәжіліс «Ұлт жоспарын» жүзеге асырудың заңнамалық негізін қалап, өзінің тарихи миссиясын орындады - Н.Әбдіров

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс «Ұлт жоспарын» жүзеге асырудың заңнамалық негізін қалап, өзінің тарихи миссиясын орындады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы үндеуі мәтінін жария еткен төменгі палата депутаты Нұрлан Әбдіров осылай деді.

Мәжіліс «Ұлт жоспарын» жүзеге асырудың заңнамалық негізін қалап, өзінің тарихи миссиясын орындады - Н.Әбдіров

«Қазіргі Мәжіліс «Ұлт жоспарын» жүзеге асырудың заңнамалық негізін қалап, өзінің тарихи миссиясын орындады. Парламент 80-ге жуық Заң қабылдады. Президенттің 5 институттық реформасының әрқайсысын жүзеге асырудың жол картасы жасалды. Ал қазір жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, әлемді ауқымды жаңғыртуға және Президент реформаларын барлық бағыттар бойынша нақты жүзеге асыруға кіріскен сәтте партиялар сайлаушылардың жаңа сенім мандатын алуы айрықша маңызды», - делінген Н.Әбдіров жария еткен үндеуде.