Мәжіліс үшінші сессия барысында 37 заң жобасын мақұлдады
АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің үшінші сессиясының бүгінгі күнге дейінгі заң шығарушылық қызметінің қысқаша қорытындысы шығарылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қыркүйектің 1-і мен қарашаның 24-і аралығында Үкіметтен 47 жаңа заң жобасы келіп түскен. Оның сыртында Палатаның заңнама қоржынында алдыңғы сессиядан өткен 51 заң жобасы және бар. Оның 43-і Үкімет ұсынған болса, 8-не депутаттар бастамашы болған. Қыркүйектің 1-нен бергі кезеңде Мәжіліс 37 заң жобасын мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді. Мемлекет басшысы Парламент қабылдаған 8 заңға қол қойған.