Мәжіліс вице-спикері С.Дьяченко Индонезияға сапарлайды

Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.
Еске салсақ, 25 сәуір күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Солтүстік Ирландия мен Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэролин Браунмен кездесіп, онда тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен парламентаралық байланыстарды нығайта түсуге қатысты өзекті мәселелердің жоспарын талқылаған болатын.
Ал сәуір айының соңына қарай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко Индонезия Республикасына парламенттік делегациямен баратыны жоспарланып отыр. Онда вице-спикер бірқатар кездесулер өткізетін болады. Бұдан бөлек, парламентшілердің халықаралық шараларға арналған бағдарламасына сәйкес мамыр айының басында Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова Болгарияға сапармен барады. Сапардың мақсаты - қоғамдық ұйымдар атқаратын әлеуметтік жобаларды мемлекеттік қаржыландырудың тетіктерімен танысу.