Мәжіліс: Заң жобасы ? тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы

АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы бірінші оқылымға дайын.

Мәжіліс: Заң жобасы ? тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы
Осы заң жобасы бойынша қорытынды шығарған Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті осындай тоқтамға келіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне қарсы іс-қимыл жасау құқықтық шаралардың кешенін қамтиды. Осыған байланысты заң жобасында отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесудің пәрменді тетігі ұсынылып отыр.Заң жобасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге консультативтік психологиялық және заңгерлік көмек көрсетуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен психокоррекциялық бағдарламалар жүргізуге бағытталатын көмек көрсету жөніндегі ұйымдардың құқықтық жағдайы анықталған.Осылайша заң жобасының нормаларын іске асыру отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылардың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі алдын алу шараларын қолдануға мүмкіндік береді. Осы заң жобасы негізінде еліміздің бірқатар заңдарына да толықтырулар қарастырылған.Жұмыс тобының отырыстарында қаралып, Мәжілістің салалық комитеттері бойынша оң қорытынды алынған заң жобасы енді Палата депутаттарының талқысына шығарылатын болды.