Мәжіліс: Заң жобасы ұлттық кеден заңнамасын Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі келісімдеріне сәйкес келтіруді көздейді
АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды шығарды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасы кеден органдарының қызметіне халықаралық стандарттарды енгізуге, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттердің заңнамасымен үйлестіруге бағытталған. Заң жобасында Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдер кеден құнын анықтау тәжірибесіне қоятын талаптарға сәйкес келтіру мақсаты көзделген.Жұмыс тобына түскен 30-дан астам түзету толықтай талқыдан өткен. Депутаттар тарапынан енгізілген және жұмыс тобында мақұлданған толықтырулар қорытынды салыстырма кестеге енгізіліп отыр.