Мәжіліс зейнетақы жүйесін жаңғыртуға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
None
None

Аталған заң жобасы негізінен Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жаңғыртуды көздейді. Бұл ретте құжат бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру қарастырылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы мен акционері ел Үкіметі болса, оның зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады. Бұдан бөлек заң жобасының шеңберінде ауыр және қауіпті өндіріс жағдайында жұмыс істейтін адамдар үшін міндетті санатқа еңбекақы төлеу қорынан 5 пайыз мөлшерінде ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару қарастырылады.

Бұл ретте жұмыс берушіге жүктеме көбеймейді. Заң жобасындағы басты жаңалықтардың бірі - әйелдердің зейнеткерлік жасын біріздендіру мәселесі. Бұл ретте заң жобасында қамтылғандай зейнеткерлік жасты көтеру 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлік жасты жыл сайын 6 айға ұлғайта отырып, біртіндеп 10 жылдың ішінде жүзеге асыру көзделеді.

Соңғы жаңалықтар