Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты құжатқа Сенат енгізген түзетулермен келісті

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжіліс депутаттары «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді қабылдады,

Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты құжатқа Сенат енгізген түзетулермен келісті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сондай-ақ олар сенаторлардың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізген түзетулерді де қабылдады. Мәжілістің жалпы отырысында аталған құжаттар бойынша баяндама жасаған депутат Ерболат Әбсалямовтың айтуынша, Сенат «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң жобасына 4 түзету енгізген. «Олар заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді. Осыған байланысты Бас комитет олармен келіседі. Сонымен қатар Сенат аталмыш құжаттың ілеспе заң жобасына қатысты да түзету енгізді. Ол «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 224-ші бабына өңірлік электр желілері компанияларының және желілік оператордың жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген электр энергиясын сатып алу міндеттерін орындамағаны үшін оларға айыппұл салу шарасын қамтиды», деді депутат.