Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауында 10 мыңға жуық сайлау учаскесі жұмыс істейді

«Қазіргі уақытта сенімді өкілдерді тіркеу жүргізілуде. Өздеріңіз де білетіндей, заңға сәйкес олардың саны әрбір сайлау учаскесінде 3 адамнан аспауы қажет. Бізде 9840 сайлау учаскесі бар. Тіркеу сенімді өкілдер жұмыс істейтін аумақтағы аумақтық комиссиялармен жүргізілуде», - деді ол.
Сонымен қатар ол бүгінгі күні барлық саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге арналған штабтары құрылғанын еске салып өтті.
«Егер сіздер сайлауалды штаб жұмысына сенімді өкіл болып саналмайтын азаматтарды тартатын босаңыздар, онда олардың көрсеткен қызметтеріне сайлау қоры қаржысынан жалақы төлеулеріңіз қажет. Заңға сәйкес сенімді өкілдер байқаушы құқы мен міндеттеріне ие. Яғни, олардың өкілеттіктері барынша кең және өздерінің өкілеттіктері шегінде әрекет етеді», - деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары.