Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттарға ҚазАқпарат сайтынан интернет-алаң беру шарттары
«Республика Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ – www.inform.kz сайты (бұдан әрі-Сайт) бар «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінің иесі, Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі-Үгіт материалдары) орналастыру үшін сайтта интернет-алаңдарды ұсынудың төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша, үгіт материалдарын Сайтқа орналастыру 2023 жылғы 18 ақпандағы сағат 18.00-ден 2023 жылғы 18 наурыз сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Сайт меншік иесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидат (бұдан әрі-Кандидат) арасында жазбаша өтінішпен, не кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын шарт негізінде интернет-алаңды ұсынады. Үгіт материалдарының саны мен орналастыру кезеңі кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шарттың талаптарымен бекітіледі.
Өтініш кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке өтініштің реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шарт жасасу үшін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Сайт айқындайды. Бұл ретте үгіт материалдарын орналастыру жазбаша өтініш беру сәтіндегі қолда бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни «ҚазАқпарат» ХАА интернет-алаңының болжамды интервалында жарнаманың/меншікті промо материалдардың болуы және/немесе болмауы жүзеге асырылады.
Үгіт материалдарына қойылатын талаптар тарифтерге қосымшада көрсетілген. Үгіт материалдарында олардың төленгені, қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат болуға тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Сайттың меншік иесі үгіт материалдарын орналастырудан, егер оларда республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды қоздыру, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеялары болса, сондай-ақ оларда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруге қабілетті ақпарат болған жағдайда бас тартуға құқылы. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.