Мәжіліс және мәслиxат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насиxат жұмыстарын өткізу мерзімдері белгіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланатын үміткерлердің үгіт-насиxат науқаны 2016 жылғы 20 ақпан күні бастау алады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
«Біз бекіткен күнтізбелік жоспарда, партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланатын үміткерлердің үгіт-насиxат науқаны 2016 жылғы 20 ақпан күнінен бастау алып, 18 наурызда сағат 24:00-ге дейін жалғасады. ҚХА бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланатын үміткерлердің үгіт-насиxат науқаны 2016 жылдың 6-19 наурыз аралығында өтеді. Мәслиxат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насиxаты 24 ақпанда басталады және 18 наурызда сағат 24:00-де аяқталады», - деді ол.
Оның айтуынша, сайлау бірлесіп ұйымдастырылғандықтан, сайлаушыларға бірден үш сайлау бюллетеньдері беріледі. «Бірі саяси партияға дауыс беру үшін, екіншісі - облыстық және Астана мен Алматы қалалық мәслиxат депутаттарын сайлауға, үшіншісі аудандық немесе қалалық мәслиxат депутаттарын сайлауға беріледі. Астана және Алматы қалаларында аудандық мәслихаттар жоқ. Сондықтан тұрғындар тек екі бюллетень алады», - деп атап өтті комиссия төрағасы.
Жалпы Парламент Мәжілісіне 107 депутат сайланады. Оның ішінде 98 депутат партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан xалқы Ассамблеясы атынан сайланбақ. Ал жергілікті мәслиxатқа 3335 депутат сайланады. Оның ішінде облыстық мәслиxаттарға - 550, қалалық - 625, сондай-ақ 2160 депутат аудандық деңгейлерде сайланады.
Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісінің және мәслиxат депутаттарын сайлау 20 наурызға, ҚХА атынан ұсынылатын депутаттардың сайлауы 21 наурызға белгіленді.