Мәжіліс «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңның жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары  «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Мәжіліс «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңның жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

«Заң жобасының мақсаты - жеке басты куәландыратын құжатты рәсімдеу, беру, ауыстыру, өткізу, алып қою және жою талаптарын белгілеу», - деп атап өтті заң жобасын таныстырған ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов.

Заң жобасы еліміздегі жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негізін айқындауды көздейді. Сонымен қатар, заң жобасында жеке басты куәландыратын сипаттағы құжатқа анықтама бірегейлендіріледі. Бұдан бөлек, жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің тұтастай тізбелері анықталады. Құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті айқындалады. Атап айтқанда, заң жобасы бойынша азаматтық құқық­тық келісімдерді жасайтын Қазақстан азаматының төлқұжаты мен жеке куә­лігі, шетелдіктің тұруға құқық бе­ретін және республикада тұрақты тұ­ратын азаматтығы жоқ азаматтың же­ке куәлігі, шетелдік азаматтың шекаралық төлқұжаты секілді құжат­тар­дың тізімі айқындалып отыр. Еліміздің  құ­зыр­лы орындары берген бұл құ­жаттар мемлекеттің меншігі болып заң жүзінде бекітілмек. Сонымен қатар, оларды беру жә­не жарамсыз деп танудың негіздері дәйектелді.

Төлқұжат пен жеке куәлікті дайындау мерзімі 30 күннен аспайтын болады.

Мәжіліс бірінші оқылымда сондай-ақ «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын мақұлдады.