Мәжіліс Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторий енгізетін заң жобасын жұмысқа алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысқа енгізілуін және ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң жобасын жұмысқа алды.

Еске сала кетейік, аталған құжат жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы ҚР Президентінің ағымдағы жылғы Жарлығын орындау мақсатында әзірленген. Аталған заң жобасымен ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның және Жер кодексінің бірқатар нормалары тоқтатылады. Атап айтқанда кодекстегі шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға жарғылық капиталындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жерді пайдалану құқығын берумен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын берумен байланысты нормаларының қолданысқа енгізу мерзімі тоқтатылады.

Енді Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті заң жобасымен айналысып, ол бойынша қорытынды әзірлейтін болады.

Соңғы жаңалықтар