Мәжіліс жұмылдыру дайындығы туралы заң жобасын мақұлдады
қпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» заң жобасын мақұлдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған заң жобасының басты мақсаты еліміздегі жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін жетілдіру болып табылады. Осыған орай, заң жобасымен ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, уәкілетті органның, ҚР мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзіретін нақтылу бөлігіне өзгерістер енгізілетін болады.
Құжатта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнінде алдыңғы кезектегі шараларды қабылдау көзделеді. Бұдан басқа, гуманитарлық жәрдем көрсету үшін жұмылдыру резервін бейбіт кезде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылып отыр.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.